Жамбылдық шенеуніктер қызметтік көлікпен сейілдеп жүр

/uploads/thumbnail/20170708205449690_small.jpg

Жамбыл облыстық Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері жергілікті әкімшілік полиция қызметкерлерімен және жергілікті жастар қауымдастығымен бірге қызметтік көліктерді пайдалану тәртібін бұзған мемлекеттік қызметшілерді анықтау мақсатында екі күндік рейд жүргізді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Рейд нәтижелерін департамент бастығының орынбасары – облыстық тәртіптік кеңес төрағаы Ғалым Тұрсынбаев жариялады.Оның айтуынша, бірнеше мемлекеттік мекемелердің көліктерін рейд жүргізушілер көңіл көтеру орындарынан байқаған. Бірқатарына әкімшілік хаттама толтырылған. 

«Шара барысында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612 –бабы 1-бөлімін бұзу бойынша 7 әкімшілік хаттама толтырылды. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік көліктерді жұмыстан тыс уақытта жол жүру құжаттарынсыз пайдаланған. Мәселен, 7 қараша күні түнгі сағат 02.50-де » Мойынқұм ауданы әкімдігінің «SSan Yong Kyron» маркалы қызметтік көлігін Тараз қаласында жол полициясы тоқтатты. Құжат тексеру кезінде жүргізушіде жол құжаттары болмады. Сонымен қатар, облыстық төтенше жағдайлар департаментіне тиесілі «ВАЗ-21310» көлігіне қатысты да әкімшілік хаттама толтырылған», - дейді тәртіптік кеңес төрағасы.

 

 

Қатысты Мақалалар