ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ МИНИ-ФУТБОЛДАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

/uploads/thumbnail/20170708205458675_small.png

2015 жылғы 12 желтоқсанда Алматыда студенттер командалары арасында Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай мини-футболдан жолдастық кездесу өтті. Кездесуді Қазақстан Республикасының спорт федерациясы ұйымдастырды.

Елбасының халыққа Жолдауындағы және халықтың 30 пайызын дене шынықтырумен айналысуға тарту туралы тапсырмаларын орындау, Қазақстанда футзалды насихаттау және дамыту, ойыншылардың кәсіби шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мини-футболдан Азия чемпионатына лайықты командаларды іріктеу мақсатында Қазақ спорт және туризм академиясы мен Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетінің («Достық» командасы, Шымкент қ.) арасында мини-футболдан матчтық кездесу ұйымдастырылды.

Командалардың кездесуіне Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі Аслан Саринжипов қатысты.

«Жастар арасындағы, оның ішінде студент жастар арасындағы спорт елімізде кеңінен дамуда. Мемлекет те бұл бағытқа көп қолдау көрсетуде. Ұлттық студенттер лигасы құрамында бүгінде 36 команда бар. Студенттер лигас үлкен қозғалысқа айналып отыр» деді министр.

 

Қатысты Мақалалар