Қарағанды облысындағы «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Құсмұрын» кенішінде 14 желтоқсан күні апат болып, бір кенші қаза тапты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Хабар» арнасына сілтеме жасап.
«Забойлардың бірінен су сору кезінде кеннің опырылу салдарынан проходчик ауыр жарақат алып, көз жұмды» делінген компания баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазір апат бойынша аарнайы комиссия жұмыс істеуде.
Естеріңізге салсақ, 11 желтоқсан күні «Қазақмыс» компаниялар тобының басшысы Владимир Ким Елбасы қолынан «Алтын сапа» сыйлығын алған болатын.