Н. Назарбаев: Айымбетовтің ғарышта не бітіргені көпке түсініксіз

/uploads/thumbnail/20170708205521316_small.JPG

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты табыстау кезінде осылай деді.

«Біз осы жылы үшінші ғарышкерімізді ғарышқа жібердік. Олар ол жақта немен айналысқаны қазір адамдарға түсініксіз. Бірақ, артық болмас деп барлығына атақ бердік. Олар бірдеңе көрсетеді деп үміттенеміз. Кез-келген марапат жастарды жігерлендіріп, Сіздер жеткен жетістіктерге жетуге шақырады» деді Президент Н. Назарбаев.

2 қыркүйекте қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов «Союз ТМ-А» ғарыш кемесімен екінші борт инженер ретінде 10 күнге ғарышқа ұшқан еді.

Ғарышкерге 14 қазан күні Нұрсұлтан Назарбаев «Халық Қаһарманы» атағын берген болатын.

Қатысты Мақалалар