Келер жылдан бастап «Болашақ» мемлекеттік стипендиясымен оқу үшін талаптар күшейтілмек. Бұл туралы «Қамшы» порталы Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ына сілтеме жасап хабарлайды.
Өзгерістер атап айтқанда, талапкердің ағылшын тілін меңгеру деңгейіне, қажетті еңбек өтілі мерзіміне және димломның орташа бағасына қатысты болмақ.
«Талаптар күшейтіледі. Еңбек өтіліне кемінде екі жыл мерзім, үміткерлердің санатына қарамай ағылшын тілі бойынша IELTS 4,0-ден 5,0 –ге дейін көтеріледі. Сондай-ақ, дипломның орташа балы бұрынғыдай 2,67 емес, 3,0-ден жоғары болуы тиіс» деді орталық президенті Ғани Нығметов.
Келер жылы «Болашақ» бағдарламасымен шетелде маман даярлау үшін мемлекет 700-ге жуық стипендия бөлмек.