Араб ғұламалары экстремизм, лаңкестік оқиғалар мен зорлық-зомбылық көріністерін қатаң түрде сынайды

/uploads/thumbnail/20170708205534785_small.jpg

Сауд Арабиясының ғұламалары экстремизм, лаңкестік оқиғалар мен зорлық-зомбылық көріністерін қатаң түрде сынайды. Бұл туралы Қазақстандағы Сауд Арабиясы Елшілігі таратқан ақпаратта айтылған.

«Сауд Арабиясының ғұламалары экстремизм, лаңкестік оқиғалар мен зорлық-зомбылық көріністерін қатаң түрде сынға алып, олардың ислам дінінің толеранттық негіздеріне түбегейлі қарама-қайшы екендігін айқындайды. Корольдік ғұламалары лаңкестік әрекеттердің қасиетті Құран кәрім мәтіндері мен Мұхаммед пайғамбардың сүннетіне қарама-қайшы келетінін жеткізеді. Ал бұл екі қайнар бұлақ Сауд Арабиясы Корольдігінің Конституциясы болып саналатынын айта өткен жөн», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар хабарламада Корольдік «әл-Каида» мен «ДАИШ»сынды лаңкестік ұйымдардың лаңкестік әрекеттерінен сонау 1995 жылдан бері зардап шегіп келе жатқаны және де олармен қауіпсіздік, ойшылдық-философиялық тұрғысынан, сондай-ақ қаржыландыру негіздерін кесу арқылы барынша күресіп келе жатқандығы айтылған.  Корольдік лаңкестіктің таралып, халықаралық деңгейде көрініс табатынын сезіп, бүкіл әлемді одан сақтандыру қажеттілігін ескерте отырып, лаңкестікпен күресу жолында халықаралық күш-жігерді біріктіру үшінерен еңбек атқарды.

Аталған мәселеге қатысты 2005 жылы Эр-Рияд қаласында халықаралық ынтымақтастықты күшейту мақсатында Қауіпсіздік саласының мамандары деңгейінделаңкестікке қарсы алғаш халықаралық конференция өткізу бастамасын ұсынды.  Сонымен қатар, БҰҰ-ның қолдауымен әрі 110 млн. доллар көлеміндегі қаржыландыруымен Лаңкестікке қарсы дүниежүзілік орталығының құрылуына бар күш-жігерін жұмсады. Корольдік  «Лаңкестікке қарсы»  тақырыбындағы қандай да бір конференция болсын, халықаралық бастама болсын, бірін де елемей қалған емес.

Корольдік Сирия мен Ирактағы дағдарыс жағдайын, сондай-ақ лаңкестік көрінісінің кең етек жайып келе жатқандығын ескерте отырып, «ДАИШ» лаңкестік ұйымын жеңудің бірден бір жолы - Сириядағы дағдарыс жағдайын саяси жолмен, Иракта қажетті реформаларды жүргізу арқылы ғана шешуге болатынын жеткізген.

Сауд Арабиясы Сирия мен Ирактағы «ДАИШ» лаңкестік ұйымына қарсы әскери коалицияның негізін қалаушы елдердің бірі болып табылады. Корольдік аталған ұйымға қарсы әскери науқанға үлес қосуын жалғастыруда.

Қатысты Мақалалар