Ұлттық банк теңге бағамын түсіндірді

/uploads/thumbnail/20170708205546082_small.jpg

Қазақстан Републикасының Ұлттық банкі Қазақстанның валюта бағамында қалыптасқан жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Ұлттық банк сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банк сайтында елдің валюта нарығындағы жағдайға байланысты хабарлама орналастырылған. Онда теңгенің айырбас бағамы әлемдік қаржы, тауар нарығындағы жағдайға және ішкі нарықтағы шетел валютасына сұранысқа байланысты қалыптасып отырғаны айтылған.

«2014-2015 жылдардағы мұнай бағасының төмендеуі төлем балансының нашарлауына, сол арқылы ішкі нарықтағы теңдіктің бұзылуына алып келді. 2015 жылғы Brent маркалы мұнай бағасының 44,4 доллардан 37,8 долларға, яғни 15 пайызға арзандауы айырбас бағамына қосымша қысымға алып келді» делінген онда.

Сондай-ақ, Ұлттық банк ішкі нарықтағы теңге бағамының қысқамерзімді толқуын реттеуге қатысатынын, алайда, шетелдік валютаға сұраныс пен ұсынысты анықтаушы іргелі факторлардың ықпалына кедергі араласпайтынжығын айтылады.

 

Қатысты Мақалалар