Мұнайдың арзан сұрыптарының құны 20 долларға дейін төмендеді

/uploads/thumbnail/20170708205601051_small.jpg

Мұнайдың арзан сұрыптарының құны 20 долларға дейін арзандады, - деп жазады Bloomberg.

Мексикалық Mexican mix мұнайы осыдан 11 жыл бұрынғы бағамы 28 долларға түссе, канадалық Western Canada Select маркалы шикізат барреліне 22 доллардан сатылуда. Ал, ирактық Iraq Basrah Heavy 25 доллардан саудалануда.

«Қазіргі бағалар бойынша әлемде өндірілетін мұнайдың үштен бір бөлігі тиімсіз болып отыр. Канадалық мұнай өндірушілер өздерінің операциялық шығындарын жабуда қиындықтар көруде» деген KBC Advanced Technologies консалтингтік компаниясының аға кеңесшісі Эсан Уль-Хак.

Басылымның хабарлауынша, Мексикада мұнай бағасы соңғы 18 айда 73 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, Venezuela Basket, Ecuador Oriente, Saudi Arab Heavy маркасындағы мұнайдың да бағасы 30 доллардан төмен құлдыраған.

Ал, WTI және Brent маркалы мұнай қазір 35,-37 АҚШ доллары шамасында сатылуда.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар