Жазушының 75 жылдығына орай конференция өтеді

/uploads/thumbnail/20170708205638770_small.jpg

21 желтоқсан күні Қазақстан Жазушылар одағы мен «Ер Жәнібек» Халықаралық қоғамдық қоры көрнекті жазушы Жақсылық Сәмитұлының 75 жылдығына орай «Қазіргі қазақ прозасының өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Конференцияға танымал әдебиетші ғалымдар мен ақын-жазушылар қатыспақ.

Жақсылық Сәмитұлы 1940 жылы Қытайдың Алтай аймағында дүниеге келген. 1959-1979 жылдары Қытайдағы «мәдениет төңкерісі» кезінде ұлтшыл атанып, Үрімжі, Тарым, т.б. лагерьлерде жазасын өтеген.

1993 жылы Алматыға көшіп келген.

«Атамекен», «Тау самалы», «Ақ тілек», «Ақ сәуле», т.б. әңгіме, повестер жинағының авторы. 2000 жылы жазушының «Қытайдағы қазақтар» монографиясы, 2010 жылы «Сергелдең» трилогиясы «Қаһарлы Алтай» деген атпен басылып шыққан.

 

 

Қатысты Мақалалар