Media Link Agency және 31 арна «Жыл отбасын» марапаттады.
10 желтоқсанда «Арман» кинотеатрында ерекше көңіл күй үстемдік етті. Осы жерде «Жыл отбасы» сыйының иегерлерін марапаттау рәсімі өткен болатын.
Балалардың белсенділігін арттыру үшін бірнеше орындар дайындалды. Мерекені ұйымдастырушы «Айналайын» компаниясының алаңында ата-аналар мен балалар сан түрлі суреттер алды. Елена Снежко бастаған топ әрі шығармашылық, әрі пайдалы демалыс ұйымдастырды. Айтпақшы, Снежколар отбасы да - «Жыл отбасының» қатысушылары. Балаларға арналған шеберлік сыныбында шығармашылық ұйым балалар мен ата-аналарға сурет салудың жаңа әдістерімен таныстырды. Сонымен қатар, «Мандалатерапия» жайында сөз қозғалды. Әр ата-ана өз баласын сурет үйірмесіне жазу мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстандықтар кісі қызығарлық әрі шабыт беретін бірегей отбасыларға екі ай бойы дауыс беруден аянып қалмады. Қатысушылар арасында түрлі отбасылар болды – некелерін енді ғана қидырғандар немесе бірнеше жылдық мерейтойларын тойлағандар, шығармашылықпен, спортпен, қайырымдылықпен, өнермен айналысып, жаңа жобалар жасап, қоғамға пайдасын тигізген отбасылар қатысты. Оларды біріктірген – бір-біріне, балаларына, істеп жүрген ісіне деген махаббат.

Кештің шымылдырығын ашқан «Улыбка» музыка-эстрадалық театры. Балалар алғашында мың бұрала биледі, содан соң отбасы мен анаға арналған ән шырқады. Оларға көрсеткен көрмерменнің құрметі де ерекше.

Мерекенің жүргізушісі Роман Миронов қатысушыларды ретімен шақырып, салтанатты түрде дипломдар мен Orchestra балалар киім дүкенінің, «Сырласу», «Сезон» журналдарының және Қазақстанның отбасылық бизнес Ассоциациясының арнайы сыйлықтарын тапсырды.
Биылғы «Жыл отбасы» атағын рекордтық 4616 дауыспен Байсариндер әулеті иеленді. Олар «Нұр» балалар үйінің негізін қалаған. Отбасылық қайырымдылық үйінің құрылған 17 жылында 350-дей бала қамқорлық көрген. Media Link Agency бұл отбасыға сыйлық ретінде теледидар ұсынды.

Марапаттау кезінде қонақтардың көңілін Мұтырғановтан Smile шоуы көтерді. Акробаттардың өнерін үлкен-кіші демін ішіне тарта отырып тамашалады. Маргарита Бельская кешті әсем әнімен әрледі.
Қонақтар үй бәліштерінен дәм татып, «Сливки» кондитерлік орталығы дастарханды тәттіге толтырды. Raimbek Bottlers компаниясы Frutta Mix шырынын, кішкентай қонақтарға Junior шәрбатын ұсынды. Sweet Treat мұзкәмпиттерімен бүлдіршіндерді қуантты. «ЧайКоффский» шәй үйінің буы бұрқыраған шәйі мен кофесі сырттағы суықты лезде ұмыттырып жібереді. Кешке келген жас та, жасамыс та тәтті мақтаға кезекке тұрды. Space Multimedia 360 галереясындағы «Время Дали» көрмесіне тегін билеттер таратылды.

«Асыл Арман Қазақстан» компаниясы өнімдері туралы айтып, табиғи заттардан жасалған, зере майы мен сұйық кальцийден тұратын «Денсаулық жиынтығын» сыйлады.
Отбасылық мейрамға TengiFM, ЖұлдызFM радиолары, qamshy.kz ақпараттық порталы, Meloman, Marwin дүкендер желісі қолдау көрсетті.

Кештің шарықтау кезі 26 қарашада премьерасы өткен «Хороший динозавр» мультфильмін көрсету кезінде болды. Қонақтар тек керемет көңіл күйге емес, естелік суреттер мен сыйлықтарға ие болды.
«Жыл отбасы 2015» марапаттау рәсімі қалай өтті?