Біздегі жол ережелері жол-көлік қатынастарын реттегеннен гөрі, жүргізушілерді неғұрлым кінәлі етіп, айыппұл салу мақсатымен жасалатындай. Жол-көлік қозғалысын реттеп, жолда туған қиындықтарды шешуі тиіс жол-патрульдік полиция қызметкерлері де көбінесе негізгі міндеттерін ұмытып, жүргізушілердің қандай да бір айыбын табуға, тіпті, жол ережесін бұзуға итермелеп жатады.
Видеодағы жағдай да полицейлердің жүргізушілерді жазалауды мақсат еткен жұмысының көрінісі. Алматы-Талғар тас жолының «Магнум» сауда үйі тұсында бұрын көліктер бұрылып жүрген жерге тұтас қос жолақ түскен. Енді жол полициясы сол тұсты торуылдап, әлгі жолақты амалсыздан кесіп өткен жүргізушілерге айыппұл салуды әдетке айналдырған. Бірақ, тұтас жолақты кесіп өтпеу туралы талап, полиция қызметкерлеріне арналмағандай...
Мемлекеттік тіркеу нөмірі А889КР жол-патрульдік полициясының қызметтік көлігі көліктер легіне кедергі туғызып, рұқсат етілмеген жерден бұрылып кетті.