Астана-Бурабай тасжолында 10 көлік соқтығысқан (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708205643192_small.jpg

17 желтоқсан күні Астана-Бурабай тасжолында ірі жол апаты болып, 10 көлік соқтығысқан, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қатты бұрқасын салдарынан жүргізушілердің жолды көру мүмкіндігі кұһүрт төмендеген. Соның салдарынан көліктер соқтығысқан. Оқиға орын алған жерде түсірілген бейнежазбаларды куәггерлер әлеуметтік-желілерге жариялауда. Олардың айтуынша, соқтығысқан көліктердің ең алғашқысы жолда бұзылып тоқтап тұрған. Арнайы белгі беретін шамдарын жақпаған соң, оны артынан келіп басқа көліктер соққан. Тағы бір жүргізуші, өзін трассаға шығармай, ескерту жасап жолдан қайтарған жол полицейлеріне әлеуметтік желі арқылы ризашылығын білдірген.

Қатысты Мақалалар