Жезқазғанда жол апатынан үш адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170708205644005_small.jpg

16 желтоқсан күні «Жезқазған-Сәтбаев» күрежолында кеше таңертең «УАЗ Патриот» автокөлігінің 22 жасар жүргізушісі көктайғақ салдарынан қарама-қарсы жол бағытына шығып кетіп, «Фольксваген Т4» автокөлігімен соқтығысқан, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші мен «Фольксваген» автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, шағын автобустың алты жолаушысы ауруханаға жатқызылды», - делінген Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

 

Қатысты Мақалалар