Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон – Ұлт көшбасшысы

/uploads/thumbnail/20170708205705739_small.jpg

Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонға «Ұлт көшбасшысы» атағы ресми түрде, арнайы заңмен беріліп отыр, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы тәжік ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

«Ұлт көшбасшысы» деген атақ емес, ол – қазіргі президент Эмомали Рахмон президенттік уәкілдігін аяқтағаннан кейін алатын лауазымы», – деп түсіндіреді заң жобасын әзірлеушілер.

Мұны республиканың олий кеңесі, яғни маджлисі бекітіп берді. Енді мәжілісте қаралып, қабылданған «Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негіз қалаушы – ұлт көшбасшысы туралы» заң Эмомали Рахмонға елдің президенті уәкілдігін тоқтатқаннан кейін де республиканың ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырудағы жетекші роль атқаратын ең ықпалды адам болып қала беруіне мүмкіндік дереді.

Жаңа заңға дауыс берер алдында олий маджлис спикері Шукурджон Зухуров қазіргі президентті насихаттап жатудың өзі артық екенін, оның елдің, оның халқының ұлттық мүдделерін қорғаушы және құдайдың өзі көшбасшы, жетекші етіп жаратқан адам болып табылатынын айтты. Соңынан аталған заң бір ауыздан қабылданды.

Эмомали Рахмон Тәжікстан билігінің басында 1990 жылдан бері келеді. Оның төртінші президенттік кезеңі 2013 жылы басталды. Рахмон бұл жолы жеті жылға сайланған. Бірақ, конституцияға сай, ол алдағы сайлауларға қатыса алмайды.

Эмомали Рахмон келесі сайлауға түспей, кетіп қалған күнде де жоғарыда айтылған артықшылықтарға ие болып қала береді. Ол ендігі президенттен де жоғары тұратын адам болады. «Ұлт көшбасшысының» халыққа үндеу арнауға, олардың алдарына келіп сөйлеп тұруға, маңызды мемлекеттік іс-шараларға қатысып, соларда сөйлеуге құқығы бар.

Заңға сәйкес, барлық мемлекеттік құрылымдар үшін «ұлт көшбасшысының» ұсыныстарын орындар отыруға тиіс болады. Лидер сондай-ақ олармен келісе отырып, «ішкі маңызды саяси жағдайлар мен шетелдегі проблемаларды шешуга қатыса алады».

Елді басқарған барлық жылдарында көшбасшыға ешкімнің тие алмау қорғанышы сақталып қалады. Оны сол сияқты ұстауға, қамауға, тінтуге болмайды. Мұндай тәртіптер мүліктері мен туған-туыстары тарапына да қарастырылады.

Естеріңізге салсақ, Э. Рахмонның қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевқа 2010 жылдың маусым айында арнайы заңмен «Елбасы – Ұлт көшбасшысы» атағы берілген болатын.

Қатысты Мақалалар