АҚШ доллары Алматы ақша айырбастау пунктерінде 350 теңгеден саудалануда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы kurs.kz-ке сілтеме жасап.
Алматының бірнеше валюта айырбастау орындарында АҚШ валютасы 348-350 теңгеден саудалануда.
Естеріңізге салсақ, Қазақстандық қор биржасында жұма күнгі таңғы саудада АҚШ валютасы 341,94 теңгеден саудаланып, барлығы 137500 мың доллар сатылған болатын.