Бұл туралы «Қамшы» порталы diapazon.kz.- ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бірнеше футболшы-легионерлердің айлық табысы туралы облыстық футбол ассоциациясында өткен кездесуде мәлім болды.
Бұған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көңілі толмайтынын жеткізген. Оның айтуынша, облыста жалақы қоры жалпы шығынның 77 пайызын құрайтын облыста басқа мекеме жоқ көрінеді. Бұл сомаға ойыншылар сатып алу мен іс-сапарларды қосса, клуб бюджетінің 90 пайызын еңбекақы шығындары құрайды екен.
Облыс әкімінің айтуынша, кейбір легионерлердің айлығы 57-67 мың ЕУРО көлемінде көрінеді. Мәселен, Андерсон Сантана – 61 мың АҚШ доллары, Маркос Пиззели – 75 мың АҚШ доллары, Данило Сирино – 57 мың ЕУРО, Данило Неско – 67 мың ЕУРО айлық алады.
Облыс басшысы футболшылардың ойындарын да сынға алды.
«Мұндай жалақы алған соң олар үздік нәтиде көрсетулері керек қой. Егер шабуылдаушы болса, әр ойын сайын бір голдан оғып тұрсын. Менің білуімше Хижниченок тоғыз ғана гол соқты. Оған біз осыншама ақша не үшін төледік? Данило Сирино бар-жоғы 2 гол соқты, Данило Неконікі 6 гол. 67 мың ЕУРО Қазақстандағы ең жоғары жалақы деп ойлаймын», - деген Б. Сапарбаев клубтағы кездесуде толықтай бюджеттен қаржыландырылатын команда шығыны туралы ойлануды тапсырды.