Басымен плафонға кептеліп қалған күшік құтқарылды

/uploads/thumbnail/20170708205824678_small.jpg

РФ Ростов облысының іздеу-құтқару отрядының қызметкерлері басымен пластмасса плафонға (аспалы шамға кигізілетін қалпақ)  кептеліп қалған күшікті құтқарды.

«Шамамен 17 сағатта  Ростов облысы Новошахтинск қаласының іздеу-құтқару отрядына қолымен күшікті көтеріп алған, қатты алаңдаулы ер адам келген»,-деп баяндады бұл оқыс оқиға жайлы Ростов облыстық  іздеу-құтқару отрядының қоғаммен байланыс қызметінің маманы Татьяна Киреева.

Күшік ескі пластмасса плафонға басын тығып, қайта шығарып ала алмаған. Иесінің де бұл қолынан келмеген көрінеді.  Іздеу-құтқару отрядыны ң қызметкерлері тістеуікпен  пластмассаны кесіп, күшікті тұтқыннан босатты. деп жазады lifenews.ru.  

Қатысты Мақалалар