Ресейде жыл сайын қарт адамдар саны 500 мыңға көбейеді. Ал 13, 3 миллион адам 70-тің табалдырығынан аттады. Тек Мәскеуде ғана 764 адам өздерінің ғасыр жасаған мерейтойларын атап өтті, деп мәлімдеді РФ вице-премьері Ольга Голодец.
«Жыл сайын қарт тұрғындардың саны жарты миллионға жуық өседі. Соған байланысты зейнетке шығу және медициналық қызмет көрсету мәселесі төңірегінде қызу пікірталас өрбуде»,-деді ол жұма күні болған әлеуметтік саладағы қамқоршылар кеңесінің отырысында.