«Нұр Отан» БАҚ кеңесін құрды

/uploads/thumbnail/20170708205835350_small.jpg

«Нұр Отан» партиясы жанынан бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің ұсынысымен кеңеске елдегі жетекші БАҚ басшылары еніп отыр. Әзірге кеңес құрамына енген Қазақстан журналистер одағының тқрағасы Сейітқазы Матаев, «Егемен Қазақстан» газетінің президенті Сауытбек Әбдірахманов, «Қазақстанская правда» газетінің басшысы Александр Тараков, «Central Asia Monitor» газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллин, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының басшысы Нұржан Мұхамеджанова мен «Нұр Медиа» холдингінің бас директоры Жанай Омаровтың есімдері белгілі.

Кеңесте отандық БАҚ-тың маңызды проблемалары талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылмақшы екен. Алғашқы отырыста кеңес мүшелері дағдарыс жағдайындағы БАҚ жұмысы, ақпараттық саясат мәселелерін талқылады. Аймақтық газет-журналдар мен мемлекеттік тілдегі сайттарға қолдау көрсету жайына назар аударылды.

Асқар Мырзахметовтің ұсынысымен келесі басқосуда мемлекеттік ақпараттық саясат аясындағы мемлекеттік тапсырыс мәселесі талқыланатын болып шешілді.

 

 

Қатысты Мақалалар