Қазақстанда жария ету шарасы аясында 447 миллиард теңге жарыққа шықты

/uploads/thumbnail/20170708205836647_small.jpg

Жария ету акциясы аясында бүгінгі күні 447 млрд. теңге заңдастырылған. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

ҚР Қаржы министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгінгі күні барлығы 447 млрд теңге заңдастырылды, оның ішінде Қазақстан аумағындағы мүлік бойынша 362,1 млрд теңге, ел аумағынан тыс жердегі мүлік бойынша 1 млрд теңге, ал жария етілген ақша сомасы 83,9 млрд теңгені құрап отыр. Бұл акцияның қарқынын жақсарту үшін заңнамаға түзетулер енгізілді. Осы өзгерістер жария ету процесін айтарлықтай жеңілдетіп, заңдастыру субъектілеріне қосымша кепілдіктер ұсынуға мүмкіндік береді.

Ақшаны заңдастыру рәсімі түбегейлі жеңілдетіліп отыр. Ендігі уақытта ақшаны екі жолмен жария етуге болады. Біріншісі, ақшаны банктегі есепшот арқылы көрсетіп, оны 10 пайыздық алым төлемей пайдалану мүмкіндігі беріледі. Екіншісі, шетелдегі немесе қолма- қол айналымдағы ақшаны банктегі есепшот арқылы көрсетпей жария етуге болады. Бірақ бұл ретте бюджетке 10 пайыздық алым төленеді.

Мүлікті жария ету рәсімдері де айтарлықтай жеңілдетілген. Енді Қазақстан аумағында орналасқан және тиісінше ресімделген мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларация мен ілеспе құжаттарды тапсыру жеткілікті. Шетелде орналасқан мүлікті жария ету тәртібі де осындай. Яғни, артық буын - мемлекеттік кірістер органдары жанындағы комиссиялар таратылды.

Айта кетейік, жария ету акциясының аяқталуы мен жалпыға бірдей декларациялау процесінің басталуын үйлестіру үшін амнистия мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылып отыр. 

 «Қамшы» сілтейді

 

 

Қатысты Мақалалар