Көші-қон жағдайы талқыланады

/uploads/thumbnail/20170708205840037_small.jpg

Ертең Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы үйінде «Көші-қонның бүгінгі жағдайы» атты дөңгелек үстел өтіп, онда Қазақстан Республикасы Президентінің 24 қарашада қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №421-V Қазақстан Республикасының Заңы талқыланады, - делінген қауымдастық таратқан хабарламада.

Хабарламада «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы бұл заңның жобасын дайындауға және оны талқылауға белсенді түрде атсалысып, ҚР Президенті әкімшілігі мен өзге құзырлы органдарға бірнеше мәрте өз ұсыныстарын жолдаған болатын. Ұсыныста шетелдегі этникалық қазақтардың проблемалары, этникалық көші-қон, Қазақстан қоғамына оралмандардың бейімделуі, олардың ықпалдылық мәселелері, Қазақстан Республикасының азаматтығын тез алу жолдары сияқтылар көрсетілді» делінген. 
Айта кетейік, ресми статистика бойынша 1991 жылдан 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін елімізге шет елдерден 259 159 отбасы, яғни, 952 882 этникалық қазақ көшіп келген. Жаңа заңнан кейін этникалық көші-қонның жандануы, көш барысы қалай болатыны дөңгелек үстелде кеңінен талқыланады. 
Басқосуға ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі сияқты құзырлы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдардың басшылары, оралмандар және өзге де белсенді азаматтар қатысады деп күтілуде. 

 «Қамшы» сілтейді

 

 

Қатысты Мақалалар