Қазақстан түрмелерінде бүгінде экстремизм, терроризм қылмыстары бойынша айыпталған 400-ге жуық қылмыскер жазасын өтеуде, - делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жыл қорытындысы бойынша есебінде.
Діни басқарма маусым айынан бастап түзеу мекемелерінде радикалды көзқарастағы сотталушылар арасында түсіндіру, алдын алу жұмыстарын қолға алған.
«Қазіргі таңда елдегі түзеу мекемелерінде 400 адам лаңкестік, экстремистік әрекеттері үшін жазасын өтеуде. Олардың 150 шақтысы радикалды бағыттағы пікірлерінен айнымаған» делінеді діни басқарма таратқан хабарламада.
Осы бағытта сотталғандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізетін имамдар кеңесі құрылып, олар 723 сотталған азаматпен жеке жұмыс істеген. Имамдар сондай-ақ 6000-нан астам сотталушы қатысқан, кездесулер өткізіп, дәстүрлі дініміздің негізгі құндылықтарын насихаттаған.
Сонымен қатар, діни басқарма таратқан хабарламада биыл радикалдық бағыт ұстарнған 802 азаматтың дәстүрлі исламға оралғаны туралы айтылады.