Төреғали Төреәлі: Осы қызды келін қып алар едім (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708205842803_small.jpg

Жас әнші Төреғали Төрәлі әлеуметтік желіде Ерке Есмаханды келін қылып алғысы келетін ниетін айтып, жұртты тағы бір шулатты. Сымбатты жігіттің бұл қалауы рас-өтірігін біле алмай тыңдармандар дал болуда, - дейді nur.kz.

Мен соғып ем, сен маған алло дедің,
Сосын мен де өтірік алло дедім)
Әсем ән, өрнектелген өлең болса
Бас бармақпен береді бағаны елім,
Екі аптада миллион ақша тапса,
Осы қызды келін қып алар едім,
– деп жазды Төреғали Ерке Есмахан жайлы.

Қос әнші “Алло” бейнебаянынан соң, жұртшылықтың назарынан тыс қалмайтын болды. Енді халық жұлдыздардың әр қимылын бағып отырады. Төреғалидың бұл әзіл аралас сөзін әркім әрқалай қабылдағаны анық. Біреулер екі әртістің де отбасылы екенін айтса, біреулер Төреғалидың Еркеден жасы кіші екенін айтып таласып жатыр.

Айта кетейік, Төреғали мен Ерке Есмаханның “Алло” бейнебаяны көпшіліктің көңілінен шыққаны соншалық, екі аптаның ішінде хит туындыны миллионнан астам адам тамашалап үлгерген.

 «Қамшы» сілтейді

 

 

Қатысты Мақалалар