Қарағанды қаласының 54 жастағы тұрғыны өз туысын тапысырыспен өлтіртуге тапсырыс бергені туралы бұған дейін де айтылған болатын.
Киллер жұмысын тапсырыс беруші 400 мың теңгеге бағалап, алдын ала 50 мың теңге аванс та төлеп қойған. Киллерге атқарылған жұмысын дәлелдеу үшін өлтірілген адамның құлағын кесіп әкелу тапсырылған екен.
Алайда, тапсырыс берушіні полицейлер алдап соққан. Киллер орнына полиция қызметкері келіссөз жүргізген. Тапсырыс берілген адамды «өлтірген» сәт те бейнетаспаға жазылған. Ал, тапсырыс берген келіншекке резеңкеден жасалған адам құлағы ұсынылған.