Электр энергиясын өндіру мен тұтыну басты назарда

/uploads/thumbnail/20170708205922257_small.jpg

Жыл өткен сайын елімізде электр энергиясын өндіру жұмысы жоспарлы түрде өркендеп келеді. Сұранысқа сай тиісті аймақтарды электр энергиясымен қамту жағы жоғары деңгейде атқарылып жатқаны белгілі.  «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев жаңа экономикалық саясат негізінде электр энергиясы саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру ісінде атқарылған жұмыстардың бір парасын бұған дейін мәлімдеген болатын.

         Алда мемлекеттік «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша «Екібастұз-Семей-Өскемен» және «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алма» бағыттарында жоғары вольтты желілер салу міндеті тұр. «KEGOC» АҚ-тың қолға жұмысы бойынша бұл екі жоба 2014 жылы «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитінің 500 кВ-тық ӘЖ салу» ауқымды жобасының құрамдас бөліктері болып отыр. Осы жобаның жұмысы бойынша ұзындығы 1700 шақырымды кұрайтын аса жоғары кернеулі  500 және 220 кВ электрсымдары мен қуаты 500 кВ Семей, Ақтоғай және Талдықорған үш жаңа қосалқы стансаларының құрылысы қамтылады. Бұл нысандар толығымен іске қосылған соң орасан зор пайдасын әкеледі деп күтілуде. Қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан 1150 кВ Екібастұз, 500 кВ Алма, 500 кВ «Өскемен» және 220 кВ «Шүлбі ГЭС» АТҚ қосалқы стансаларын кеңейту жоспарланып отырғандығын басқармасы басшысы Бақытжан Қажиев мәлімдеген еді. Айтуынша, мұндай кезеңде 500 кВ «Екібастұз-Шүлбі-ГЭС-Өскемен» желілерін толық түрде қолдануға тапсыру Солтүстік-Шығыс қимасындағы электр желілерінің өткізу қабілетін одан әрі арттыра түспекші. Осылайша еліміздің шығыс өңірінде Ресей БЭЖ желілері арқылы өтетін электр энергиясын тасымалдау желісі тәуелділігіне қарамастан, бұл аймақтың энергия тапшылығын толық қамти алады. Сонымен бірге, контрреттеуіш – Бұлақ ГЭС-ті жұмысы басталғанда Шүлбі ГЭС-інен толық қуат беруді қамтамасыз ететін болады. Бүгінде 429 металл тірек толық орнатылып, 130 шақырымды құрайтын сым жинаулы тұр. Сондай-ақ, 500 кВ «Семей» қосалқы стансасының құрылысы басталып, ол жерде коммутациялық жабдық монтаждалу үстінде екен. Әрі қосалқы ғимараттарды салу жұмыстары назардан тыс қалмаған. Биылғы жылы қосымша 200 км. желі тартылып, «Семей», «Өскемен» және «Екібастұз» қосалқы стансаларында жабдықтарды монтаждау жоспарланып, жүйелі жұмыстар атқарылды. Бүгінде жалпы бағасы 120 млрд. теңгеге жететін «500 кВ Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» ӘЖ-ні салу» жобасы 2018 жылы аяқталады деп күтіліп отыр. Желі құрылысы кезінде 1800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, өз тиімділігін бермек. Кейін құрылыс аяқталған соң аталған желіде 97 адам жұмыс жұмыспен қамтылады. Бұл жобаны жүзеге асыру мемлекет сұранысына байланысты KEGOC-тың Қазақстан БЭЖ-дің сенімді жұмысы мен тиімді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру жөніндегі жүйелі жұмыстардың жалғасы болып саналады.

         Электр энергиясының бағасы бақылауда ұсталады

         Жалпы, елімізде жұртты ең көп алаңдататын мәселенің бірі электр қуатына қатысты жайттар болып саналады. Бұл туралы әңгіме Энергетика министрлігі мен КЕГОК компаниясының басшылығы тарапынан көктем уақытында айтылған болатын. Сол кездері энергетикалық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту жайы да сөз болған еді. Осы орайда Қазақстанда үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жағынан энергетикалық инфрақұрылымдарды өркендету аса маңызды. Бұл туралы Сенат депутаты   Талғатбек Абайділдин «Бөлшек және көтерме сауда нарығындағы электр қуатының жұмысына қазіргі жағдайдың әсері, энергетика саласындағы заңнаманы жетілдіру, энергиялық тиімділікті арттыру және қуат үнемдеу мәселелері парламентшілердің басты назарында болады» деген-тін.

         Экономиканың дамуына қарай электр энергиясын тұтынудың көлемі жыл сайын шамамен 4-6 пайызға өсіп отырады екен. Оны тұтынудың болжамын 2-3 жылда бір рет жаңартып отыру қажет. Ол үшін жобалық институттармен тиімді жұмыс істеу мақсатты түрде жолға қойылған.  Алғағы уақытта тұтыну ауқымы бірте-бірте көбейіп, он бес жыл ішінде 130 млрд кВт-сағатқа жетуі ықтимал. Тағы бір айта кететіні, қолданыстағы электр стансаларының тозу деңгейінің жоғарылығы байқалады. Жобамен алғанда ол көрсеткіш 60 пайызға дейін жеткен. Жыл басында жылу электр стансаларындағы құрал-жабдықтардың орташа қолданылуы 28  жыл, гидроэлектр стансаларына 35 жыл толған.

   Тұтынушылар үшін де тарифтің көтерілетіндігі байқалғанымен, оған мемлекет еселеп бағаның артуына жол бермейді. Мәселен, KEGOC ұлттық компаниясы 2015 жылғы 1 сәуірден бастап өз тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу қызметіне белгіленген тарифті 1,954-тен 1,943 теңге/кВтс-қа дейін төмендетті. Одан сәл ертеректе Ұлттық экономика министрлігі электр энергиясына арналған тарифті азайту туралы жариялаған болатын.
Соның арқасында елімізде электрмен жабдықтаушы ұйымдардың «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1»-тен алатын қуатының бағасы 1 кВт/сағат үшін 8,8-ден 8,65 теңгеге дейін төмендетіледі. Кейінгі кезеңде «KEGOC»-тың, ӨЭК пен энергия жеткізуші ұйымдардың тарифтерін төмендету жоспарланған. Мұның барлығы электр энергиясын тұтынушылар үшін жасалынып отырған қадам. 

 

Қатысты Мақалалар