ДАНИЯР АҚЫШЕВ: МЕНІҢ ЕШҚАНДАЙ ЖИНАҚТАРЫМ ЖОҚ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708205959101_small.JPG

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін Алматыда алғаш рет баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Данияр Ақышев журналистерді елдің қаржы нарығындағы ахуал, инфляция мен депозит нарығы, несие мен құнды қағаздар жағдайы туралы мәліметтерден хабардар етті.

Бас банкирдің мәлімдемесінен соң, журналистер сауалдарын қойды.

Журналистердің валюта бағамының жиі өзгеруінен кімдер пайда тауып отырғандығы туралы сұрағына бас банкир қиналып жауап берген. Тек, «Белгілі-бір спекулянттардың пайда табуы мүмкін» деген қысқа жауап қатты.

Ал, жеке жинақтары туралы сұраққа Ұлттық банк төрағасы өзінің ешқандай қаржылай жинақтарының жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, ол өзі ешбір әлеуметтік желіде аккаунттарының жоқ екенін, өзіне қатысты сыни пікірлерге түсіністікпен қарайтынын жеткізді.

Келесі баспасөз мәслихаты 2016 жылңы қаңтар айына жоспарланған.

Видео tengrinews.kz сайтынан алынды.

 

Қатысты Мақалалар