Роза Әлқожаға Алтай қазағы ән арнады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708205958148_small.jpg

Қазақтың жезтаңдай әнші қызы Роза Әлқожаның өнеріне табынушылар мен дарын иесін құрмет тұтатындар ел іші ғана емес, алыс, жақын шет елдерде де жетерлік. Розаның әндері бүгінде Қытай қазақтары арасында да кең тараған. Даңқы Алатаудан Алтайға жеткен әнші, сазгерге Қытай қазақтарының ішінде кең танымал айтыскер ақын, журналист Қалихан Қабдырасыл арнау ән де жазған. Сол әнді жақында Розаның шығармашылық кешінде Әділ Мәңкейұлы арнайы келіп орындаған еді. Алтайдың ар жағынан жеткен сол аманат ән – осы ән!

Ерлан Төлеубай

Қатысты Мақалалар