Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратифифкациялау туралы» заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Аталған заң Қазақстанның Азия даму банкінен 1 миллиард доллар көлемінде қарыз алу мәселесін реттейді. Қаражат Үкімет жоспарлаған бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бюджет дефицитиін жабуға жұмсалмақ екен.
«Қарызға алынған ақша экономиканың бәсекеге қабылеттілігін арттыратын негізгі бағыттарын көтермелеуге жұимсалады. Азия даму банкі ақшаны бес жыл мерзімге беріп отыр, оған қоса үш жыл жеңілдік кезеңі ретінде ұсынылды» дейді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.
Азиялық қаржы ұйымынан алынған қарыз 2016 жылдан бастап жұмсалатыны айтылуда.