Жасарат Жәлелұлы: ЖЕТІСТІКТЕРІМДІ ҚАЗАҚ ҚАНЫНЫҢ КҮШІ ДЕП БІЛЕМІН

/uploads/thumbnail/20170708210117696_small.jpg

Шетел қазақтарының арасында, әсіресе Қытай елінде тұратын қандастарымыздың ортасынан шыққан үздік медицина мамандары жетерлік. Тіпті кейбіреуі бүкіл Қытайды таңғалдырып отыр. Солардың бірі – Жасарат Жәлелұлы.

Жасарат Жәлелұлы 1966 жылы 20 желтоқсанда Үрімжі қаласында туған. Әкесі Жәлел жас кезінде Үш аймақ төңкерісіне қатысып, ұлттық армияның үздік жауынгері атанса, шешесі Бәтима Қапышқызы да жоғары мектеп бітірген соң Үрімжі, Фукаң, Манас өңірлерінде мемлекеттік қызметте болған. 
Жасарат 1985-1990 жылдар аралығында Шыңжаң медицина институтында білім алды. Кейін медицина университетінде ұзақ жыл қызмет жасап, медицина ғылымының докторы дәрежесіне дейін көтерілді. Қазір Шыңжаң автономиясының сүйек ауруларын зерттеу орталығында қозғалыс медицинасын зерттеу бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарады. Сонымен бірге Шыңжаң дәстүрлі қазақ медицинасы қоғамының алқасы.
Ол ұзақ жыл шатыршалы өкше сүйекті жалғау әдісін зерттеп, айтулы нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда бұл жетістік қытай медицинасында кеңінен пайдаланылуда. Жәкең аталмыш тақырыпта 15 ғылыми мақала жариялаған. Оның ішінде «Factors influencing the tensile strength of repaired Achilles tendon A biomechanical experiment study» деген мақаласы халықаралық белді журнал SCI-да жарық көріпті. 

Жасарат Жәлелұлы өз өнерін ұштай түсу үшін Бейжің қозғалыс медицинасын зерттеу орталығы Шанхай Хуашан емханасының сүйек бөлімі, Шанхай университеті биодинамикалық зерттеу орыны, Шанхай Фудан университеті биомедицина зерттеу орыны, Гуаңжоу Жұңшан университеті молекулалық биологияны зерттеу орыны сынды ғылыми-зерттеу орталықтарынан тәжірибеден өткен білікті ғалым. Ол 2009 жылы Шыңжаң медицина университетінің таңдаулы ғылыми қызметкері болып бағаланды; 2010 жылы Жұңхуа медицина қоғамының 12 кезекті сүйек аурулары ғылыми талқы мәжілісінде және 5 кезекті халықаралық COA ғылыми талқы жиналысында арнайы марапатқа ие болған. «Қамшы» порталы оқырмандарының назарына Қытайдағы медицина саласының майталманы атанған қандасымызбен болған сұхбатты ұсынамыз.

Ассалаумағалайкум! Жасарат Жалелұлы мырза ата жұртқа қош келдіңіз! Қамшы ақпараттық порталының «Қазақ хандығына 550 жыл»

төс белгісімен марапатталыдыңыз құтты болсын!

Уағалайкумассалам! Рақмет! Бұған дейін мен қазақ елінің қара шаңырағына бірнеше рет табан тигізгем, ал бұл реткі ат басын бұруым ерекше болып отыр. Себебі күллі қазақ баласы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы жариялаған «қазақ хандығының 550 жылдық» тойын тойлап жатыр, мен білсем осы тойдың басын «Қамшы» ақпараттық порталы өздері жариялаған шығармашылық бәйгенің жүлдегерлерін силап  және қазақ өнерімен  мәдениетінің киелі шаңырағы «әкем театр» атанған Мұхтар Әуезов атындағы драма театрында мерекелік концерт өткізіді, сонымен бірге қазақ елімен қазақ ұлтының күшейіп, нығайуы үшін еңбек етіп жүрген орта буын аталатын бір топ қазақ азаматтырының қатарына меніде қосып арнайы төс белгімен марапаттады. Сонымен бірге биыл тек «Қазақ хандығына 550 жыл» ғана емес, қазақ медицинасының ортағасырлық негізі болға Отейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабын жазыла бастағанынада 550 жыл болған болуы мүмкін, себебі деректерде 1466 жылдары шипагер бабамыздың Жәнібек ханға кездесіп кітап жазу туралы бұйырқ алғандығы айтылады. Сондықтанда бұл сапар мен үшін ерекше қымбат.

Дұрыс айтасыз, бұл ретте «Қамшы» ақпараттық порталы тарихи жұмыс атқарды десек артық болмас. Шетте жүрген қандастардан бұл марапатқа жалғыз сіз ие болып отырсыз. Бұл туралы не айтасыз?

 

Ия, шынында шетел азаматтығындағы шетте жүрген қазақтан мен екенмін, ал бізбен бірге марапатталған Қанат Ислам бауырым әлде қашан Қазақстан азаматтығын алған ғой. Алайда шетте жүрген ағайының арасында мененде мықты, адамзат өркениеті үшін елеулі еңбек сіңіріп жатқан тұлғалар көп, ал мені сол тұлғалардың арасынын бөліп алуының себебін осы шараны ұйымдастырып жүрген азаматтар менің «қазақ медицинасын әлемдік деңгейде көтердіңіз» деді бұл енді асыра мақтағандық мен тек өзімнің Абай атамыздың « сенде бір керпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» дегеніндей бір адамдық, қатардағы дәрігерлік міндетімді шамам келгенше атқарып жүрген жайым бар. Ал мараптталу маған болашақта үлкен жұмыс атқарады деген сеніммен мойныма жүк артып беріліп отыр деп білемін.

Осы сапарыңызда Астана, Ақтау қалаларына саяхаттап барып қайттыңыз, ол жақтағы ел-жұрт сізді қалай қарсы алды?

Мен ханзу тілінде оқығам, бұл жақтың әлпесі түгіглі Шыңжаң қазақтарының төте жазуында танымаймын енді үйреніп жүрмін, тіпті қазақша сөйлей бастағаныма бірнеше жыл болды. Сол себепті мен ғылыми еңбектерімнің көбін ағылшын және ханзу тілдерінде жазамын. Керекті материалдардыда сол тілдерде қараймын. Бірақ бойыма сіңген  қазақ қаны бар ғой қазақша ойлаймын. Осы жолы Астанада Назарбаев университетінде болып ол жерде жұмыс жасап жатқан оқытушым Тұрсынжан профессорға жолықтым. Астана мен әр рет келген сайын өзгеріп гүлденіп барады. Сосын осы жолы тұңғыш рет Маңғыстау облысында болдым халықының бауырмалдығы мен қазақи мінезі қатты ұнады. Каспий теңізін тамашалап, Ақтаудың порт қаласының мұражайында және Түпқараған мұражайында болдым өте керемет екен тарихтан сыр шертеді. Біздің медицина саласына қатысты ата-бабаларымыз  өте ерте заманда қолданған күміс тіс шұқығышты көрдім. Бұл деген біздің бабаларымыздың ақыл-ойының биік шыңы іспетті. Неге десеңіз күміс өте таза металл, денсаулыққа пайдасы мол.

Енді медицина саласына ойыссақ, менің білуімше сіздің адамзатқа сіңірген еңбегіңіз ежелгі ата-бабаларымыздың дәстүрлі емдеу тәсілдерін заманаға сай жаңғырту мен әлемнің медициналық термин қорына қазақша атаулар енгізуіңіз бұл туралы айта кетсеңіз.

Сіз айтып отырған жетістіктер ақын Мұқағали Мақатаевтың «Күпі киген қазақтың қара өлеңінШекпен жауып өзіне қайтарамын» дегені сияқты әңгіме. Мен осы күнге дейін қазақ медицинасын әріптестеріммен және шәкірттеріммен бірлікте зерттей отырып медицина саласында 9 тапқырлықты патенттедім және бірнеше қазақша емдеу тәсілін қайталай заманға сай бейімдедім. 2009 жылы Шыңжаң ғылымына қосқан үлесім үшін 2 дәрежелі, 2014 жылы осы сала бойынша 3 дәрежелі, 2014 жылы Шыңжаңның медицина саласы бойынша 1 дәрежелі сыйлыққа ие болдым. Бұның бәрі бойда ағып жатқан қазақ қанымыздың көмескі күші болса керек, ал осындай ғылыми жаңалықтарды тапқанымызбен оны басқа халықтарға көрсетіп, зерттеу мақаласы ретінде жарияламасақ өткендегі секілді біздің көптеген ата-бабамыздан қалған құнды мұраларымыз «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетері хақ. Сол үшін біз бір жаңалық жаратсақ, оны тәжірбиеде қолданып сынақтан өткен соң халықаралық SCI (science citation index) Қазақстан ғылым саласының талабы бойынша айтқанда  импакт-факторы (impact factor) жоғары томсон (thomson reuters) базасына кіретін журналдарға жариялаймыз. Сонда бізді күллі әлем білетін болады және ешкім таласа алмайды. Ал патенттерді саты бойынша район, мемлекет, дүние жүзі басқыштарымен меншіктеп аламыз. Мысалы біздің алғашық жұмыстарымыздың бірі Journal of Traditional Chinese Medicine журанлында «Kazakh Therapy on Differential Protein Expression of Achilles Tendon Healing in a 7-Day Postoperative Rabbit Model» атты мақаламен жарық көрді. Бастысы бұл мақаладығы түйін сөздер яғни Keywords: Kazakh therapy; Achilles tendon rupture; ‘Pa’-bone suture; “six-element” theory; Kiymil arkili emdew; Centrifugal practice; Mechanobiology; Proteomics; Systems biology болды, қарап отырсаңыз арасында қазақша емдеу, Өтейбойдақ бабамыздың алты тұғыр теориясы (“six-element” theory) және жаңа термин қимыл арқылы емдеу (Kiymil arkili emdew) деген сөз бар. Міне осы секілді біз әрбір жасаған жұмысымызда қазақ шипагерілігінің мол қазынасын пайдаланамыз және оны әрбір жарияланған ғылыми мақаламызға қосып отырамыз. Бұған дәлел осы бір айдың алдында біздің The Journal of Foot & Ankle Surgery журналында жарияланған «Outcome of a One-Stage Tensile Stress Surgical Technique and Early Postoperative Rehabilitation in the Treatment of Neglected Achilles Tendon Rupture» тақырыбындағы ғылыми мақалада қазақ медицинасы басты түйін сөз ретінде қарастырылып kengistik tugyr (space), turak tugyr (place), zharyk tugyr (light), karanggy tugyr (dark), ystyk tugyr (heat), suwik tugyr (cold) секілді Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «шипагерлік баян» кітабындағы алты тұғыр теориясы мақаланың басты әдебиеттің қайнар көзі және мұнда өзім ойлап тапқан киіз үй үлгісіндегі тігу әдісі (the yurt bone suture method) жасалған жұмыстың нәтижесі мақаланың негізгі өзегі болып табылады.

Соңғы кездегі тапқырлықтарыңызбен бөлісе кетсеңіз.

Жоғарыда атап өткен киіз үй үлгісіндегі тігу әдісіде (the yurt bone suture method) халықаралық мойындалған тапқырлық. Ал CN 202313830 U патенттік құқығы берілген «биік өкшелі етіктің» басты ерекшелігі тірсекті ота жасамай, үзілген немесе жарақаттанған кездегі үш күн ішінде емдеуге болады емделуші науқас төсегіне жатпайды. Қазіргі кезде патенттеумен айналысып жатқан тағы бір жаңалығым ол – сәбилердің тайған ұршығын орнына салу құралы. Бұл құралдың басыты келу қайнары ата-бабаларымыз өгізге апта бойы су бермей ішін қабыстырып, онан соң жамбасы кеткен адамды оған мінгізеді екенде, өгізді суарады, өгіздің қарының біртіндеп сыртқа шығуымен бірге үстіндегі адамның жамбас сүйегіде ақырын көтеріліп өз орнын табады екен. Ал жас сәбилерді олай істей алмайсың олар өгіз түгілі бұзауғада міне алмайды, оның үстіне қазіргі медицинада оташы табылса соған салдырады болмаса көпшілігі ұршығы тайған сәбилердің жамбас етін тіліп ота жасау тәсілімен не болмаса гипспен қатыру тәсілімен емдейді. жоғардағы екі тәсілдің жетіліп келе жатқан жас сәбилер үшін зардабын мен айтпасамда біліп отырған шығарсыз, ота барысындағы наркозбен сәбидің қиналысы және отадан кейін мұндай науқастар кемінде 6 ай болмаса одан көп уақыт төсекке таңылады. Бұлар негізі қазақ медицинасы бойынша дұрыс тәсілдер емес неге? Мен бұрыннан айтып келе жатырмын гипспен қатыру мүлде қате. Ол топыраққа қатырып тастаумен тең, үш ай гипстен кейін сүйек жұмсарып, әлсіз болып қалады. Буын қуысы жоғалып, шеміршек азаяды. Нервтердің қызметі зақымданады. Себебі, гипстің ішіне ауа кірмейді ғой. Сондықтан, оны қатырып қоймай, керісінші қимылмен емдеу керек. Жер бетіндегі  организмның қимыл-тіректік  мүшелері тек қозғалыс арқылы ғана жетіліп, өз орнына бекінеді, сонымен мен жоғарда айтқан «өгізге мінгізу» тәсіліне сүйеніп сәбилердің ұршығын орнына келтіру құралын тапқырладым, қазір ол пайдаланылып жатыр алдының өніміде көрінді. Бұл жабдықты пайдаланғанда сәби емін-еркін қимылдайды, тіпті орнында жатып «қаржорғаны» билетугеде болады, уағында жуындырып-шайындыруғада болады, бұданда керемет жері баланың ақаусыз дамуы мен психологиялық тұрғыдан ешқандай кері әсер етпейді. Сонымен бірге Дарқан және Нұрай Сауталы секілді шәкірттеріммен бірге 10 жылдан астам халықымыздың бұрыннан істетіп келе жатқан жылқы майының емдік рөлін зерттеп, сол бойынша мемлекеттен ғылыми жоба алып ұзақ зерттеулер нәтижесінде жылқы майының науқасқа әсер ету механизмын аштық. Жылқы майындағы барлық белок тобын анықтап, нақтылы қайсы белоктардың пайдасы бар екенін ашытық жәнеде Айназ, Айдар, Баяшат, Тұрды, Жәнат секілді шәкірттеріммен бірлікте бірнеше жылдық зерттеулерге сүйеніп түйенің жүнінен сорбақ жасап ісететін қазақша емнің ғылымилығын дәлелдеп, арнаулы дәрілік шөптермен бірлікте ісететін емдік препарат тапқырладық. Бұлардың барылығы қазір қолданысқа еніп, халықтың қызу қарсы алуына ие болуда.

Сіз бір әңгімеңізде бесіктің қазір дұрыс пайдаланбай жүргені жайлы айттыңыз, осы туралы ой қозғасаңыз.

Біз «тал бесіктен, жер бесікке дейін» өмір сүретін халықпыз ғой, шынында қазір Қазақстанда қалай екенін білмеймін, ал Жоңгодағы қазақтар бесікті бұрынғыдай дұрыс пайдалана алмай жүр, неге дейсіз ғой? Бұны мен жоғардағы сәбилердің тайған ұршығын орынына келтіру  құралын тапқырлау барысында байқадым, әрі оған басты себептердің бірі осы бесік мәселесі болды. Себебеі сандық мәліметтер бойынша Жоңгодағы қазіргі кездегі қазақтардың ұршығының таюы және жамасының кетуі басқа бірге жасап жатқан халықтардан әлде қайда жоғары, әсіресе жас сәбилердің арасында бұның салыстырмасы өте жоғары көрсеткіште болып тұр. Бұрындары бір ауыл немесе туыс-туған бірге отыратындықтан нәрестелерді бесікке түнде ғана бөлеп күндіз апа-әжелері шешіп алып баққан ғой, қазір басқа әсіресе қалалы жерде қазақтың келіндері баласын таңертең бесікке бөлеп кетеді жұмысқа түсте келіп бір уақыт емізеді, ал кешеке жұмыстан шаршап келеді, былайша айтқында бала тәулігіне кемінде 20 сағат таңылып жатады, сәбиді бесікке бөлеген кезде барлық жері қозғаладыда тек жамбас бөлігі қозғалмайды, ал бұл өз кезегінде нәрестенің жамбас бөлігінің дұрыс дамып-жетілмеуіне алып келедіде, жамбаста қозғалыс болмағандықтан тоқпан жылык ұршық сүйекке әлсіз және жайпақтау бекінеді. Ондай балалар енді аяғын қаз басып жүре бастағанда оқыс қимылдардан немесе қатты секірумен жығлу салдарынан ұршығы оңай тайып кетеді. Сосын тағы бір жылдай ауру төсегіне таңылады, өмірді енді бастап келе жатқан жас сәби үшін бұдан асқан бейнет жоқ шығар. Сондықтан бесікке баланы 8 сағаттан артық және бір жастан кейін бөлемеген дұрыс болады деп ойлаймын сүйек маманы ретінде.

Айтқаныңыз орынды екен Қазақстанда бесік мәселесі онша дендеп тұр деп айта алмаймыз себебі бізде жүктілік және босануға байланысты арнаулы демалыс уақыты бар ғой, ал Қытайда шынында бұл ойланарлық мәселе екен. Аға енді қазіргі уақыттағы Қытайдағы қазақ медицинасының жетістіктері туралы айта кетсеңіз.

Жалпы қазақ медицинасын Жоңгодағы, Қазақстандағы деп бөле жаруға болмас, алайда тілдік диалект секілді расында жергілікті жерде өзіндік ерекшеліктері болады. Қазақ медицинасының бастауы тым арыда тіпті бүгінгі «медицинаның атасы атанып» ақхалаттылар ант беріп жүрген Гиппограттың (Hippocrates б.д.д 460- 370ж.) өзі емдеу тәсілдерін біздің ата-бабамыз сақтардан үйренген бұл туралы дәләлдер жетерлік мен ол туралы біраз ғылыми мақалалар жарияладым. Ал қазіргі таңда Жоңгода қазақ медицинасының дамуы қарқын алып келеді бұған әсіресе Ши төраға бастаған Жоңго коммунистік партиясының ұстанған саясаты орасан зор түрткі болып отыр. Былтыр берген берген бір сұхбатымызда Үрімжі қаласында «Қазақ шипагерлік зерттеу орталығы» жұмыс жасап жатқандығын айтқанбыз, ал алда бұл орталық Жоңго үкіметінің қолдауымен Үрімжі қаласының «Жаңа жібек жолы экономикалық даму ауданынан» емхана, дәріхана және дәрі жасау орнымен ғылыми зертханасы бар үлкен кешенді орталық ретінде құрылғалы жатыр. Ол жерге болашақта біздің Шыңжаң медицина университетінің қазақ шипагерлік мамандығы бойынша екі жылда бір рет қабыладанып оқып жатқан студенттерімен жастар,  әр аймақтағы белгілі қазақ халық емшілері және медицина саласының үздік мамандары жұмысқа тартылады. Бұл дегеніңіз қазақ медицинасы үшін жарқын болашақ мен күш болып отыр. Мен осы орайда қазақ шипагерлігінің дамуына зор еңбек сіңірген қазіргі кезде Шыңжаң халық құрылтайының орынбасар төрағасы, Жоңгодағы қазақ шипагерлігінің ірге тасын қалаушы Тілебалды Әбдрешитұлына және басқада әріптестеріммен жастарымызға үлкен алғыс білдіремін.

Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?

Болашақта қазіргі кезде Жоңгодағы тұрғылықты 56 ұлттың ішінен 5 орынға табан тіреген қазақ медицинасын тұғырын мықтап тұрғызсақ дейміз, бұл жеке бір адамның немес мекеменің қолынан келуі қиын, істелетін жұмыс көп қазақ медицинасының өрісі өте кең. Сол үшін Қазақстан жағыда бұған күш салуы керек «бірінші байлық-денсаулық» деп халқымыз бекер айтпаған ғой бұл алдымен адамзаттың денсаулығы үшін керек. Ал біз алда қол жеткізген жетістіктерімізбен жасайтын жұмыстарымызды қазақ елімен, кәрі құрлық Еуропамен, әлеммен бөлісікіміз келеді. Әсіресе дүние жүзіне өзіміздің көміліп қалған асылдарымызды көрсетсек дейміз.

Сөз соңында қазақ еліндегі оқырмандарға айтарыңыз?

Қазақ елін тағы бір мәрте «Қазақ хандығына 550 жыл» мерекесімен құттықтаймын, сонымен бірге қазіргі кезде Қазақстаннан Жоңгоға барып оқып жатқан жастар көп, солардың қатарында қазақ жастарын біздің Шыңжаң медицина университетінеде оқуға шақырамын. Мен білсем ол бағдарламаны Жоңго қаржыландырады баклавр, магистрантура, докторантураға қабылдайды әрі оқу тегін. Ал шәкірт ақысы бұл жерден 2 есе жоғары. Осындай орай барда қазақ жастарының барып бізден оқып болашақта адамазат денсаулығы үшін қызмет істеуіне болады жәнеде әр салада жүрген қазақ медицинасына қатысы бар адамдардың бізбен тәжірбие алмастырып, барыс-келіс жасап халықмыздың ақсап тұрған осы саласын орнынан нық тұрғызып жіберуге атсалысса екен деген тілегім бар

Сұхбатыңызға рақмет! Істеріңізге сәттілік болғай!

Сұхбаттасқан Әлібек Ыдырыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар