БАРША «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА» КІМДЕР ЖАТАДЫ?..

/uploads/thumbnail/20170708210145696_small.jpg

Осы жаңа ғана (25.12.2015 жыл. Таңғы сағат ондар шамасында) «Қазақстан» телеарнасынан бір журналист әйел:

-Барша қазақстандықтарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын!-дедеді.

Сонда бұлардың күндіз-түні қақсап қоймай келе жатқан «қазақстандықтары» кім болды екен?

Басы ашық бір нәрсе, олардың бұл арада таза Қазақты айтып отырмағаны онсыз да белгілі...

Біріншіден, бұл таза қазақ тілінде хабар тарататын ұлттық телеарна «Қазақстан». Бұл телеарнаны таза қазақтар ғана көреді. Өзге ұлт өкілдері өліп бара жатса да қарамайды. Сонда «Қазақ» деп айтса, аналардың бірдемесі қисайып кете ме?

Рас болса, міне, ширек ғасыр болды еліміздің Тәуелсіз мемлекет болғанына. Сонда біздің орысқұл билік те, оның сойыл соғарлары да  ҚАЗАҚ деген ұлттың атын тура айтудан неге қашады?

Анау биліктің ұшар басындағы біздің «мәңгілік көсемімізден» бастап, осы бір «қазақстандықтар» деген сөзге неге үйір болдық екен?

Әлі күнге дейінг орманға қарап, неге жалтақтаймыз?

Құлдық санадан қашан арылар екенбіз?

Жұмаш Кенебайдың «Фейсбук» парақшасынан алынды

 

 

Қатысты Мақалалар