Еліміздегі саяси партиялар халықтан неліктен сонша алшақ? Оларға деген сенім неге төмен? Әлбетте, бұның себептері жетерлік. Алайда солардың ішіндегі, меніңше, келелісі - саны көп, атауы әрқилы болғанымен, барлығының дерлік шыққан тегі бір, көсемдері де сол маңнан екендігі - коммунизмнен. КСРО кезінде коммунистік партиядан басқа саяси күштерге тыйым салынған еді. Рас, сөз жүзінде ондай тыйым бүгінде жоқ. Бірақ іс жүзінде тек билікке ұнамдысы ғана рәсімделетіні белгілі. Нәтиже: нақты іс жоқ, бос сөз қаптаған, "көппартиялы" парламентте шешімдер әп-сәтте бірауыздан қабылданған, шынайы ел игілігінің орнын көзбояушылық жапқан, еңбек адамдары емес, қажетсіз құжат өндірушілер салтанат құрған заман.
Осы жылдар бойында байқауымша өзгерген дүние біреу - қияли коммунизм орнын жауаптысы неғайбыл «2050» бағдарламасы алмастырғаны ғана.
Расул Жұмалының «Фейсбук» парақшасынан алынды