Қарағанды көшелерінде еріген қар суын коммуналдық қызмет жұмысшыларының қар тазалауға арналған техникамен «жинап» жүргені туралы видео ғаламторға жарияланды.
Видеода жұмысшылар қар тазалайтын техникамен жол бойындағы суды жүк көлігіне «құймаққа» әрекеттенгенмен, судың жартысы жүк көлігіне жетпей, жеткені көлік бортының саңылауларынан ағып, әлек қылып жатқаны анық көрінеді.
Астаналық қар тазалағыштар да қарағандылық әріптестерінен қалысар емес. Жол бойына жиналған суды арбамен тасып жүрген Астана қаласының коммуналдық қызмет жұмысшыларының видеосын мына жерден көре аласыздар.