Бұрын біздің үйде бір теке болып еді. Оны «козел» деп атайыншы (осы атауға әбден лайық өзі), иә, сол теке «козел» десе «козел» еді – қайта-қайта жоғалып мазаны алатын. Және бір козелдың келесі козелдан айырмасы шамалы екен, жығып тани алмай әлекке түсетінбіз. Бөтен козелдан айыру үшін таққан матамыз мазасыз мақұлықтың жүріс-тұрыс, артылысына шыдамай там-тұтығы қалмай айрылып жататын. Иә, бұның бәрін мен неге айтып жатырмын. Георгий лентасын үлестіріп жатса, жинап алып маған беріңіздерші, матасы мықты дейді ғой. Ешкі асырағым келіп жүр. «Ешкі асырағанның есі кіреді» деген тағы бар. (Қатты мата болса, басқа не әжетке жарауы мүмкін? ...Жо-жоқ, оған болмайды, қажайды ғой)