«Ақжол» партиясының съезі өтуде

/uploads/thumbnail/20170708214622643_small.gif

Бүгiн «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының кезектен тыс ХIII съезi өтуде. Съезде партияның «Ақ жол – еңбектенер кез келдi» сайлауалды бағдарламасы таныстырылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы. 

Негізгі 10 бөлімнен тұратын «Ақ жол» демократиялық партиясының бағдарламасы бизнестi қорғау және кәсiпкерлiк саласы, нарықтық реформалар және экономика, бiлiм мен денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсiптiк кешен, рухани-мәдени сала, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сот-құқықтық реформа мен қауiпсiздiк саласын қамтыған.

«Дамыған экономикасы және өз күшiне сенетiн халқы бар мықты мемлекет қана шын тәуелсiз бола алады. Экономикамыз бәсекелестiкке төтеп берiп, елiмiздiң азық-түлiк, өнеркәсiптiк, технологиялық және тауарлық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете алуы тиiс. Сондықтан, бiздiң алдымызда экономиканы тұтынушылық сипаттан жан-жақты өнiмдi бизнеске көшiру мiндетi тұр», - делiнген бағдарламада.

75 делегат қатысқан партияның бүгiнгi съезiнде сондай-ақ партия Жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп, партияның ревизиялық комиссиясы бюджеттiң орындалуы туралы есеп бердi. Сондай-ақ, партия өкілдері бағдарлама мен жаңа мiндеттердi жүзеге асыру туралы баяндады. Және де бүгiн ҚР парламентi Мәжiлiсi депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмi жарияланбақ. 

 

 

Қатысты Мақалалар