Парламент Мәжілісінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшілігіне сайланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Ұйымның Орталық кеңесінің кезектен тыс президиум отырысында жаңа төраға болып Мәжіліс спикері Б. Ізмұхамбетов сайланды.
«»Ардагерлер ұйымы» РҚБ Президиум мүшелері Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады», - делінген ұйымның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Естеріңізге салсақ, Б. Ізмұхамбетов 2016 жылы наурыз айында Мәжіліс төрағалығына сайланған болатын. оған дейін Атырау облысын басқарған.