Сібір жарасы қарағандылықтарға ауру малдың етінен жұғуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170709030255928_small.jpg

Қарағанды облысының әкімдігі Сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен облыстық ауруханаға түскен ауыл тұрғындарының сырқаты жайлы толығырақ айтып берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz BNews.kz – ке сілтеме жасап.

Биылғы маусымның 16-сі күні Қарағанды облысының Шет ауданындағы Успен селолық округіне қарайтын Еркіндік ауылының тұрғыны ірі қара малдың ауырып тұрғаны туралы ауылдың мал дәрігеріне хабарлаған. Арада екі күн өткен соң, мал дәрігерлерін ескертпестен, иесі жем-шөп жемей қойған малын сойып, етін көршілеріне сатқан.

«Ет сатып алған сол ауылдың екі тұрғыны қолдарына түрлі жара жығып, ауруханаға жатқызылған. Ағадыр кентіндегі аурухана дәрігерлерінің мәліметтері бойынша, алдын ала «сібір жарасы» деген диагноз қойылып, облыстық ветеринарлық инспекцияға, ветеринарлық басқармаға хабар берілген", – деп мәлім етті облыс әкімдігі баспасөз қызметінің өкілі Ольга Кабаргина.

19 маусым күні аудандық аумақтық инспекция өкілдері Шет ауданының ветеринария және ветеринарлық стансасының өкілдерімен бірлесіп, эпизоотологиялық зерттеу жүргізген.

«Сойылған малдың етінен, ішек-қарнынан сынама алынып, 20 маусым күні «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК-ның Қарағанды облыстық филиалына және 21 маусымда «Ұлттық ветеринария жөніндегі референттік орталығы» РМК-ға жолданған», – деп хабардар етті баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарымен, тұтынушылар құқығын қорғау департаменті және Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясымен бірлесіп арнайы штаб құрылып отыр. Ол қазір аймақтағы жағдайды қатаң бақылауға алды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының аумақтық инспекциясының мәліметтері бойынша, 20-21 маусымда облыстық инфекциялық ауруханасына жеті адам жатқызылды, арасында бала да бар. Солардың екеуі: ер адам және әйел қайтыс болды. Аталған елді мекенде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Сібір жарасы» диагнозын зертхана әзір растаған жоқ.

Связанные Статьи