Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды

/uploads/thumbnail/20170709030305709_small.jpg

Президент жарлығымен бұрынғы Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Естеріңізге салсақ, Астананың бұрынғы әкімі Әділбек Жақсыбеков Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалса, Н. Нығматуллин Президент әкімшілігінің жетекшісі лауазымынан босап, «Нұр Отан» партиясы атынан Мәжіліс депутаты болып тіркелді. Н. Нығматуллин бұған дейін Қарағанды облысының әкімі, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, Мәжіліс спикері сынды лауазымдарды атқарған болатын.

Ал, Мәжілістің бұрынғы төрағасы Б. Ізмұхамбетов «Ардагерлер ұйымы» РҚБ жетекшілігіне сайланды.

Исекешев Әсет Өрентайұлы 1971 жылы 17 тамызда Қарағанды қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Жоғары мектебінің түлегі.

Әр жылдары индустрия және сауда вице-министрі, «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Президент көмекшісі, индустрия және сауда министрі, Премьер-министрдің орынбасары, инвестиция және даму министрі лауазымдарын атқарған.

Связанные Статьи