Қазақ күресінен Әлем чемпионаты өтеді

/uploads/thumbnail/20170709030408460_small.jpg

Үстіміздегі жылдың қазан-қараша айларында қазақ күресінен Астанада Әлем чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «Қазақстан барысы» республикалық турниріне арналған арналған баспасөз отырысында ҚР Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

«Қазақ елі тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты қазақ күресінен кезекті әлем чемпионаты қазан-қараша айларында Астанада өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Қанат Бозымбаев Астанада өткен баспасөз отырысында.

Бұдан бөлек, Қ.Бозымбаев 2013 жылдың күзінде «Әлем Барысы» халықаралық турнирі дәстүр бойынша екінші рет өтетіндігін мәлімдеді.

«2016 жылы елімізде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында кезекті «Әлем Барысы» халықаралық турнирін ұйымдастырмақшымыз. Сол себепті туған еліміз бен қазақ күресін халықаралық аренадағы деңгейін таныту мақсатында бар күш-жігерімізді салатын боламыз», - деді Қанат Бозымбаев.

Связанные Статьи