Қ.Бишiмбаев: Инфляция деңгейiнiң төмендеуi байқалып отыр

/uploads/thumbnail/20170709064359710_small.PNG

Инфляция деңгейiнiң төмендеуi байқалып отыр. Тамыз айында айлық инфляция 0,2 пайызға дейiн баяулап, жылдың басынан 5,4 пайызды құрады. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен өтiп жатқан Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында ҚР Ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев мәлiмдедi, - деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz - ке сілтеме жасап.

«Инфляциялық процесстердiң баялауы байқалып отыр. Биылғы жылдың шiлдесiнде жылдық инфляция шектiк деңгейге жетiп, ақырындап төмендей бастады. Тамыз айында айлық инфляция 0,2 пайызға дейiн баяулап, жылдың басынан 5,4 пайызды құрады», - деп баяндады Қ.Бишiмбаев.

Тағы бiр маңызды фактор, экономиканы кредиттеу қайта басталды. Министрдiң айтуынша, егер қаңтардан сәуiрге дейiн кредиттер көлемi төмендесе, мамырдан бастап өсiм байқалған.

«1 тамыздан бастап кредиттер 0,5 пайызға өсiп, 12,7 трлн теңгенi құрады», - дедi ол.

Ал республиканың сыртқы тауар айналымы бiрiншi жартыжылдықта 30,4 пайызға, яғни 28 млрд долларға дейiн төмендеген. Экспорт 17,1 млрд, ал импорт 12,3 млрд долларды құрады.

Айта кетейiк, Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өтiп жатыр. Отырыста биылғы жылдың 8 айындағы елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылып, алдағы уақыттағы маңызды мақсат-мiндеттер айқындалады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи