А.Мырзахметов «ҚазАгро» ҰБҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

/uploads/thumbnail/20170709064610259_small.jpg

А.Мырзахметов «ҚазАгро» ҰБҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы бұйрығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Мырзахметов Асқар Исабекұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айтуғанов Қайрат Қапарұлы, ҚР Ұлттық экономика министрі Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы, ҚР «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып сайланды.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Мырзахметов Асқар Исабекұлын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлының және Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлының «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Связанные Статьи