Джулиан Ассанж деген интернет журналисі АҚШ президенттігінен үміткер Хиллари Клинтонның электронды поштасындағы хаттарға сараптама жасай келе, ол мемлекеттік хатшы боп тұрған кезінде «Ислам мемлекеті» ұйымын (Қазақстанда тиым салынған-ред.) қарумен қамтамасыз етті деген тұжырымға келеді. Бұл туралы өзінің саяси сараптамалық мақаласында «Комсомольская газета» тілшісі Исраэль Шамир жазады.
Ассанждың сөзіне сүйенсек, Клинтон ант берген кезінде террористерге қару тасымалы жөнінде ештеңе білмейтінін айтып, өтірік ақталған.
Ассанждың сөзін іліп әкеткен Клинтонның қарсыласы Дональд Трамп (Республикалық партия атынан үміткер) Хиллари Клинтон мен Барак Обаманы «Ислам мемлекеті» ұйымының негізін қалап, онымен жалған соғыс жүргізді деп айыптауда. Трамп соның кесірінен американ халқы төлеген салықтың көп бөлігі қажетсіз соғысқа кетіп, Клинтон мен оған тиесілі қор табысқа белшесінен батты деген пікір білдіреді.
Сарапшының ойынша, мемлекеттік хатшы Клинтон Барак Обаманы Сирия мен Ливиядағы режимнің қарсыластарына қару тасуға көндірген көрінеді. Бұл үшін американ қаруының көп бөлігі Катар мемлекетіне сатылған. Шағын мемлекет бола тұра Катар қару-жарақ үшін Клинтон қорына үлкен көлемде ақша аударған. Қару-жарақ Мысырмен шекаралс Ливияның Бенгази деген аймағындағы экстремистерге жеткізілген.
Каддафи тақтан құлағаннан кейін қарудың бір бөлігі Ливия арқылы Сирияға өтеді. «Бұдан кейін де террористер Америкадан қару-жарақ алып тұрған» деп жазады Исраэль Шамир. Сондықтан да Трамп өзінің мәлімдемесінде «Ислам мемлекеті Клинтонның өткенін қалайды, ал мен сайлансам бұл ұйымның ақыры таусылар еді» деген екен.
Әзірлеген Айғаным Біртуар