Қазақстандағы ҚХР елшісі Чжан Ханьхуэй елімізден қалыңдық іздеп Бейжіңнен келетін күйеу жігіттер туралы шыққан жарнамаға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды tengrinews.kz.
"Мұндай ұйымның бар-жоғын әзірше білмеймін. Бірақ бір білерім, бұрыннан екі ел арасында осындай жағдайлардың болғанына куәмін. Көп азаматтар кәсібі бойынша білім алуға барып (Қытайға - авт.), сонда қалып қойып жатады. Олар сонда өмір сүріп, өз салт-дәстүрін ұстанады. Жергілікті тұрғындар солар арқылы қазіргі заманауи Қазақстан туралы, салт-дәстүрімен, өмір сүру салтымен танысып, естіп-біліп жүр. Бұл өте пайдалы іс. Біз мұндайға ешқашан тоқтау қойған емеспіз, бұл өздігінен болатын құбылыс. Менің ойымша, бұл өте жақсы іс. Бұл дегеніміз екі елдің арасында дәстүрлер достығы бар деген сөз және бұл өз жемісін беріп те жатыр. Менің білетінім, Қытайдан қазақтар осында келіп жатыр. Олардың арасында да жергілікті тұрғындарға үйленгендері бар. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі", - дейді елші.
Қытайлықтар үшін өзге елдің қыздарымен танысу қалыпты жағдай ма деген сұраққа, ол былай деп жауап берді: Бұл дұрыс тәжірибе (аралас неке - авт.) бірақ бұл адамның жеке шаруасы. Қытай жақтан мұндай қадамға баруға ешкім тосқауыл болмайды, барлығы тек алға дейді. Егер бұл екіжақты іс болса, онда бұл тым жақсы болар еді", - деді Чжан Ханьхуэй.
"Қазақстанның қыздары өте әдемі, нәзік. Олардың білімі жоғары, шығыс менталитеті бар. Олар отбасын жақсы көреді, ата-анасын құрметтейді, үлкендерді сыйлай біледі. Дәстүр бойынша екі ел арасында ұқсастықтар өте көп", - деп қорытындылады ол сөзін.
Нағыз дабылды біраз уақыт бұрын Ақтөбе тұрғыны Айбану Күнтуарова былайша қағып еді: - ...Бір кездері күллі Еуропаның алды болған француз ұлтын жойып, экономикасын құлдырату үшін дұшпандары сан мыңдаған құйтырқы әрекеттерге кірісті. Олар «Әлемдегі ең сұлу, әрі ақылды, көркем жандар – француз қыздары» деген аңыз шығарды. Содан әлемнің барлық алаяқ еркектері, ақшасы барлары, көркіне сенгені, ұры-қары, залым, сұрқиялары ағылып келіп француз қыздарын қатын қылды. Француз басшыларын өтірік мақтады. Мәз болған басшылар: «Біз әлемдегі ең толерантты, тыныш, ынтымағы жарасқан, қарқындап дамыған елміз» деп келімсектерге баспана, жұмыс берді. Келімсектер француз қыздарының бірін алып, бірін салып, анада бір бала, мынада екі бала қалып жатты. Әйгілі Франция ақырында ажырасқан қатындар мен шата, метис, дүбәрабалалардың еліне айналып шыға келді. Бір ғасырға жетпей ұрпақ азды, ұлттық құндылық күстаналанып, француздар баяғы атақ-абыройдан жұрдай болды. Әйел азған соң, ел тозады. Қазір Франциядан салт-дәстүрін, ұлттық қадір-қасиетін сақтаған таза француз ұлтын таппайсыз. Түгелге дерлік аралас некеден туған, ажырасқан, байсыз бала тапқан, лесбианка, гомик, кәрі қыздар, қойыртпақ, атала, алашұбар отбасылар. Тобырлардан туған ұрпақтар ешқашан өздері тұрып жатқан мемлекетке, оның иесі болып отырған ұлтқа жаны ашымайды...
Ал, жапондар ақымақ мақтауға алданбады. Салт-дәстүрін сақтап, қан тазалығы мен ұлттық генін қорғап қалды. Ұлттық генін сақтап, «жабық есік» саясатын ұстанды. Елге ешкімді, ешқандай еркекті кіргізбеді. Турист болып келген шетелдіктерді бақылап отырып, уақытында елден шығарып жіберіп отырды. Жапония білім, ғылым, мәдениет саласында әлемде озық елге айналып, бүгінгі жапон ғажайыптарына жетіп отыр...