Оңтүстік Кореяның 47 жасар тұрғыны Қазақстанда шетелдіктерге жыныстық қызмет көрсететін орын ашып, оны караоке–бар деп елді алдап келген деп хабарлайды Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі. Корея тұрғыны қала орталығынан үлкен жекежайды жалға алып, көмекшісі ретінде сенімді адамдарды жинаған. Онда тек шетелдіктерге ғана қызмет көрсетілген. Сәйкесінше төлем шетелдік валютамен берілді.
Оңтүстік Корея азаматына жұмыс істегендердің көбі ҚР азаматтары. Олар астыртын әрекеттерді жасырын түрде жүргізу мен қауіпсіздік шараларын қадағалаған. Мәселен 45 жасар А. есеміді Алматы облысының азаматы ЖШС директоры болған және қызметкерлерді қажетті заттармен қамтамасыз етіп, заңдық және қаржылық мәселелерді шешіп отырған. Ал 51 жасар Жамбыл облысының тумасы «караоке-барда» секьюри қызметін атқарған. Оның қызметіне жекежайды күзетіп, тек сенімді адамдарды жіберу болды.
Аталмыш қылмыста 29 жасар Е. есімді азаматшаның да қатысы бар. Ол бардың әкімшісі болды. Оның қызметіне жыныстық қызмет көрсетушілерге кастинг жариялап, іріктеу жүргізіп отырған. Белгілі болғандай оны өзара «мадам» деп атайды екен. Осы іске тағы бір қыздың қатысы бар болып шықты. 20 жасар П. есімді қыз кассир болып жұмыс істеген. Арнайы жедел шараларды жүргізу барысындағы белгілі болған мәліметке сай ол клиенттерден ақша жинап отырған.
«Аталмыш орындағы жеңіл жүрісті қыздардың қызметі 100 ден 300 долларға дейін барады» дейді Алматы қалалық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасыны полиция полковнигі Ерлан Оралбеков.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР қылмыстық кодексіне сай 309 баптың 2 тармағы бойынша жүргізіліп жатыр. Оңтүстік Корея тұрғыны уақытша тергеу изоляторына тоғытылды.