Афинадағы жарылыс туралы лаңкес алдын-ала телефонмен ескерткен

/uploads/thumbnail/20170710032159216_small.jpg

Грецияның орталығында орналасқан Eurobank-тің бөлімшесінде жарылыс болды деп хабарлайды Қамшы АА Афиндік жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 22.00-де белгісіз адам zougla.gr сайтының редакциясына хабарласып, журналистерге Eurobank-тің Сантораз көшесіндегі бөлімшесінде  35 минуттан кейін жарылыс болатынын хабарлаған.

Полиция көшені дереу қоршауға алды. Жарақаттанғандар мен көз жұмғандар жоқ. Жарылыстың салдарынан банктің жанында орналасқан кейбір ғимараттарға материалдық шығын келген.

Бұған дейін Грецияда АҚШ-тың елшілігін атқан лаңкесті ұстаған. Ол кезде де зардап шеккендер болмады. 

Связанные Статьи