Орталық коммуникациялар қызметінде «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде қауіпсіздік шаралары мен құқық тәртібін қамтамасыз ету және халықты хабардар етуге арналған баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференцияға ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мұсақанов, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев қатысты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚР ІІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІМ өзге де құқық қорғау органдары, арнайы қызметтер, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігімен бірге ЭКСПО көрмесіне әзірлік және оны өткізу кезінде құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдауда.
Жедел басқару және туындаған мәселелерді тез шешу үшін Ведомствоаралық штаб құрылды. Осындай штабтар елордада және өңірлік ІІД-де жасақталды.
Көрме ашылмастан бір ай бұрын ұйымдастырушы кеңсе ғимаратында Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы өз жұмысын бастайды, бұл орталықпен ІІМ-де құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы тығыз байланыс жасап, көрме барысында туындаған мәселелерді тікелей шешіп отыратын болады.
ЭКСПО аумағында Полиция бөлімі, ал көрме ауданында Өрт сөндіру депосы құрылды, сондай-ақ Астана әуежайында және жаңа теміржол вокзалында желілік полиция бөлімі жұмыс істейді.
Қоғамдық тәртіпті күзетуге жалпы 5 мыңнан астам қызметкер тартылады, Соның ішінде 3300-і әскери қызметкер, ІІМ оқу орындарының 500 курсанты және офицері, сонымен бірге жеке күзет ұйымдарының 630 қызметкері және шет тілін еркін меңгерген еліміздегі ЖОО-ның 174 студенті бар.
Бұл құрылымдардың барлығы қауіпсіздікті сақтау және тексеру жүргізу бойынша, сондай-ақ ағылшын тілінен арнайы оқу курсынан өткен. Бұған қоса Астана қалалық ІІД-нің шет тілін білетін 200 қызметкері іріктеліп, әрбір ЭКСПО нысанына бекітілді.
Астана қаласы ТЖД-нің 100 шақты қызметкері, 11 техникалық бірлік және 5 тік ұшақ төтенше жағдайларды ескерту және өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша арнайы топтың құрамына енді.
Ағымдағы жылғы 1 маусымнан көрме аяқталғанша ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген қызмет кестесіне көшіріледі.
ЭКСПО ауданында қауіпсіздік аумағы орнатылады, оған арнайы және аккредиттелген көліктерден басқа жүк көліктерінің кіруі шектеледі.
Сонмен қатар, елорда аумағы бойынша кіретін көліктерге тексеру жүргізуге қатысты барлық «Рубеж» бекеттерінде күшейтілген қауіпсіздік шаралары бекітіледі.
1қаңтардан бастап экономикасы дамыған 45 елдің азаматтары үшін 30 күнге дейінгі визасыз кесте ензігілді. Олар сондай-ақ полицияға тіркелуден де босатылған, оларға тіркелу шекарадан өткен бойда жүргізіледі.
ЭКСПО-ның қатысушылары мен қонақтары тіркелуді онлайн жүйесінде жүргізе алады, бұл өз кезегінде тіркелу шараларын жеңілдетіп, оған кететін уақытта бірнеше минутқа дейін азайтады.
Астана қаласындағы әуежайда және бірыңғай қызмет көрсету орталығында көші-қон шараларынан өту үшін көрмеде көші-қон қызметінің бекеттері ұйымдастырылады.
Айта кетейік, көрмеге 5 млн.адам келеді деп күтілуде, оның 15% әлемнің әр түкпірінен келетін туристер, 85% Қазақстанның барлық өңірінен келетіндер, 120 ел және 12 халықаралық ұйым өздерінің көрмеге қатысатындарын нақтылады.
Оставить комментарий