Құмар Ақсақалов БАҚ өкілдерін тағы да су тасқыны туралы ақпараттандырды

/uploads/thumbnail/20170710040018684_small.jpg

Жедел шатабтың көшпелі кеңесі кезінде Құмар Ақсақалов БАҚ өкілдерін тағы да су тасқыны  туралы ақпараттандырды. Сергеев су қоймасында судың ернеуден көтерілуі 1 метр 90 сантиметрді құрайды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі СҚО әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Шал ақын ауданында елді мекендерге төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Есіл ауданында да жағдай тұрақтанды.  Қазір мол су Қызылжар ауданы мен  Петропавл қаласына жетті. Онда саяжайлар суға кетті.  Бұл – жыл сайын болып тұратын қалыпты жағдай. Штаб күн сайын жұмыс істеуде, біз жағдайды бақылауға алып отырмыз»,- деді Құмар Ақсақалов.

Соңғы тәуліктерде 118 адам, оның 90-ы – бала, және 147 бас мал  қауіпсіз жерге көшірілді. Заречное ауылында  үйлер суға кеткен жоқ.  Жекелеген тұрғындар үйлерін тастап кетуден бас тартуда. Өңір басшысы дер кезінде жасалған эвакуация мүлік пен өмірді сақтау үшін қажет  шара  екендігін атап айтты.

«Петропавл қаласының және Заречный кентінің тұрғындарына айтарым: ТЖД қызметкерлерінің талабын орындау және жағдайдың қиындауынан сақтану үшін қауіпсіз жерге бару керек. Тұрғындар соған мүдделі болуға тиіс. Адамдарды, жүктерді және малдарды көшіретін  қажетті техникалар бар. Біз мұндай мол суды бұрын-соңды көрген жоқпыз. Сондықтан барлығына дайын болу керек»,- деді өңір басшысы.

Журналистердің сауалдарына жауап бере келіп, облыс әкімі  Былғары зауыты маңында  қалыптасқан жағдайға тоқталды.

 «Өткен жылы 800 метрдей жаңа бөгет тұрғызылды. Ол жұмыс істеп тұр, қоры да жеткілікті. Кеше біз судың ескі бөгетке тақалғаны жөнінде хабар алдық. Қазір одан су асып кетпес үшін, оны нығайту, яғни биіктету жұмысымен айналысып жатырмыз. Бұл жұмыспен кеше, түнде және бүгін шұғылданудамыз. Тағы бір метрдей көтеруіміз керек»,- деді Құмар Ақсақалов.

 Өңір басшысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка ауылындағы жағдайды да айтып өтті. Онда 12 тұрғын үй зардап шекті. Өткен демалыс күні онда  сенбілік ұйымдастырылды.

«Рузаевка ауылындағы сенбілікке қоғамдық ұйымдардан, жастардан және қайғылы жағдайға бейтарап қарай алмайтын жандардан 400-дей адам қатысты. Бір азамат ауруханада екен, оған барып халін сұрадық. Әрине, жүрегі ауырғандықтан. Оған қажетті ем-дом қолданылыпты. Тұрғын үйлерді облыстық бюджет  пен қайырымдылық қаражаты есебінен орнына келтіреміз. Мысалы, техника бюджеттен тыс қаражат есебінен, яғни демеушілердің көмегімен қалпына келтіріледі»,- деді облыс әкімі

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи