Гаитидің премьер-министрі Жака Ги Лафонтананың кортежі Ле-Ке қаласында екі жеткіншек баланы қағып кетті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Росбалт-қа сілтеме жасап.
Кәмелет жасқа толмаған балалар мотоциклде келе жатқан. Көлікпен соқтығысқан кезде жеткіншектің бірі сол жерде қайтыс болды. Екіншісін тік ұшақпен Гаити астанасы Порт-о-Пренс қаласына жеткізді.
Әзірше жол көлік оқиғасына не себеп болғаны белгісіз. Премьер-министр кортежі жылдамдықты асырып келе жатуы мүмкін деген болжам бар.
Агенттіктің мәліметінше, жол көлік оқиғасы болғаннан кейін кортеж тоқтамаған. Бұл жергілікті халықтың наразылығын тудырды.
Оставить комментарий