Қызды қағып өлтірген автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты

/uploads/thumbnail/20180529154313078_small.jpg

Алматының Әуезов аудандық сотында қызды қағып өлтірген автобус жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Сот Әнуар Жәнібековті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша айыпты деп танып, оны 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, ол 4 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Соттың үкімімен ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен деңгейдегі мекемеде өтейді.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 18 сәуірде Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында сағат таңғы сегізде болған. 24 жастағы қызды жолдан өте бергенде асқан жылдамдықпен келе жатқан автобус қағып кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. 

Связанные Статьи