Ресейдегі орта мектептердің біріне қазақ ғалымының есімі берілді

/uploads/thumbnail/20170708190449863_small.jpg

Ресейдің Астарахан облысына қарасты Калинино ауылындағы  орта мектептердің біріне қазақтан шыққан  ғалым, академик Ережеп Мәмбетқазиевтің аты берілді.   Бұл туралы «Қамшы» порталы baq.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ресейлік академик, химия ғылымдарының докторы – Ережеп Мәмбетқазиев Калинино ауылындағы аталмыш орта мектептің түлегі болған. Академик Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы Қазақстанның тұңғыш білім және ғылым министрі, ҚР Жоғарғы кеңесінің 12 шақырылымының депутаты болған. Әлемдегі жетекші ЖОО-лардың құрметті профессоры, Германиядағы халықаралық ақпараттандыру академиясы штаб-пәтерінің вице-президенті. 
Ережеп Мәмбетқазиев 1963 жылы ҚазПИ-ді бітірген. 1993 - 1995 жылдары ҚР Білім министрі қызметін атқарған.

 

Светлана Латунова,  Астрахан облысы Володар аудандық білім беру әкімшілігінің басшысы:

-Мұндай шешімге ауыл тұрғындары бірауыздан келген. Ауыл тұрғындарының бұл шешімі білімді, дарынды жерлестеріне деген құрметін білдіреді. Ол кісінің негізгі ғылыми жұмыстарының бағыты координациалық қосылыстар электрхимиясы; табиғат қорларын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың химиялық, биологиялық әдістеріне арналған.

Мәмбетқазиевтің тікелей қатысуымен 1996 жылы жаңа технологиялар енгізу жөніндегі неміс концерні «Штокхаузен» мен «Альдос» фирмасының базалық кәсіпорны Қазақстан-Герман-Ресей экологиялық орталықтары ашылды.

Осы орталықтар негізінде таза су және жаңа технологиялар ҰЗИ құрылды. Мәмбетқазиев «Парасат» орденімен, «ҚР білім мен ғылымының дамуына қосқан ерен үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
700-ден аса ғылыми еңбектері АҚШ, Еуропа, Қытай, Монғолия елдерінде қайта басылып шықты.

Нұрзат Тоғжан

Оставить комментарий

Связанные Статьи