Ұлттық банк астанаға көшіріледі

    Меліс Сейдахметов
    Ұлттық банк астанаға көшіріледі nationalbank.kz

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкті Нұр-Сұлтанға көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлықтың толық мәтіні төменде ұсынылған.

    «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және 21-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:

    1) 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына көшіруді қамтамасыз етсін;

    2) осы Жарлықтан туындайтын өзге шараларды қабылдасын.

    2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты.».

    3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

    4. Осы Жарлықтың 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2- тармағын қоспағанда, осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев



    Қатысты тегтер :

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025